Елімізде АИ 92 маркалы бензин қымбаттауы мүмкін. Дизель отыны да шарықтауы ғажап емес. Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге белгіленген шекті бағаны бекіту туралы бұйрықтың күшін жоймақ. Яғни жанар-жағармай бағасын мемлекет реттемейді. Қазақстанда сұйық отын көрші елдермен салыстырғанда анағұрлым арзан.
Мысалы, елімізде АИ 92 маркалы бензиннің бір литрі 205 теңге болса, Ресейде – 288, Қырғызстанда – 385, Өзбекстанда – 489 теңге.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бұл шешім отын тапшылығын жоюға, мұнай өңдеу зауыттарын жаңартуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Дегенмен, шаруалар және басқа да санатқа жататын азаматтарды қолдау шаралары сақталады.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.