Биыл газдандыру ісі бойынша 45 жоба жүзеге асырылады. Оның аясында жеті елді мекен газбен қамтылады. Бұл мақсатқа 65,9 млрд теңге бөлінген. Жоба жүзеге асырылғанда ел бойынша газбен қамту 62% жетеді. Яғни 12,4 млн адам көгілдір отынға қол жеткізеді. Былтыр ел аумағында 1 700 шақырымнан артық газ құбыры тартылып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл – мемлекет басшысынының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың отырысында берген тапсырмасы аясында атқарылған шара.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.