Алматыда алғаш мопед тіркелді. Тұрғын кәдімгідей жүргізуші куәлігін көрсетіп, мемлекеттік тіркеу нөмірін алды. Өйткені мопед көлік ретінде тіркеліп, жүру-тұру ережесі өзгереді. Жаңа заң нормасы сәуірдің бесінен бастап күшіне енеді.
Ендеше мопед дегеніміз не? Оның көлемi 50 текше см аспауы керек, екi немесе үш дөңгелегі болады. Ең жоғары жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын көлік құралы. Оған шағын қозғалтқышы бар велосипед, мокик жатады. Мопедті жүргізу куәлігі 16 жастан бастап беріледі. Техниканың бұл түрімен тротуар және жол жиегінде жүруге тыйым салынған. Жаяу жүргіншілер өтпесімен де қозғалуға болмайды. Автомагистральге шығуға да рұқсат жоқ. Заңда бекітілген ережені бұзғандарға айыппұл қарастырылған.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.