Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен қылмыстық топ өкілдері ұсталды | 21.01.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

АВТОБУС АУДАРЫЛДЫ
Қарағандыдан Ботақараға бет алған автобус аударылып қалды. Ішіндегі 17 жолаушы аман ба?
Еліміздің бірқатар өңірінде ақ түтек боран. Соған қарамастан жолға шыққандар қарасы азаяр емес.

КӘСІПКЕРГЕ ҚЫСЫМ
Ірі бизнесмендерге қоқан-лоқы көрсетіп жүрген қылмыстық топ ұсталды. Кәсіпорынға басып кіріп, қожайыны мен күзетшілерін соққыға жыққан күдіктілерден қару-жарақ табылды. Енді оларды құзырлы орган өкілдері қыспаққа алады.

АҚША ҚАЙДА?
Сайда тасы, құмда ізі жоқ. Құрлысшылар 315 үлескердің 2,5 млрд теңгесін алып тайып тұрған. Олардың үй салатын құқы да болмай шықты. Ақшаны кім қайтарады?

ТРАМП ДӘУІРІ
Трамптың дәуірі басталды.
АҚШ Мексикамен ат құйрығын кесісіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шықпақшы. Дональд Трамп қызметіне кірісе сала, он шақты жарлыққа қол қойды. Әлем бойынша ең қуатты армия жасақтауға бел буған жаңа Президент тағы не істемекші?

ЗИДАН – ҚАЗАҚ
Атырауда тұратын Зидан есімді бала қазақ футболының жарқын жұлдызы болуды армандайды. Атақшы футболшыға өмір бойы жанкүйер болған ақсақал немересін доп тебуге баулып жүр.
———————————————

Telegram https://t.me/tv7kz_news