Түркияның Болу провинциясындағы «Карталкая» түрік тау шаңғысы курортындағы мейрамхана өртеніп, қонақүйдің 12 қабатын түгел шарпыған. Салдарынан 60-тан астам адам қайтыс болып, 32 адам зардап шекті. Қаза болғандардың екеуі аман қалу үшін терезеден секірген.
Куәгерлердің айтуынша, өрт ағаштан жасалған қонақ үйдің жоғарғы қабаттарына тез тараған. Ал өрт сөндірушілер шақырылғаннан кейін 40-45 минуттан кейін келген. «Зардап шеккендердің барлығы – Түркия азаматтары», — деп мәлімдеді провинция губернаторы Абдулализ Айдын. Жергілікті әкімшіліктің айтуынша, 500 адамдық қонақ үйде 237 демалушы болған. Олардың арасында балалар да бар. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.