Алматыда кәсіпкерлерден қитұрқы жолмен ақша алып жүрген қылмыстық топ ұсталды. Олар алдымен нысанды басып алып, кейін өздері оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған. Қылмыстық топтан құралған күзет агенттігі кәсіпкерлерге бизнесін «қамқорлыққа» алуды ұсынған. Бұдан соң олардың кәсібін толық бақылауға алған. Жалған күзетшілердің заңсыз әрекеті караокедегі кезекті рейдте әшкере болды. Бұзақылық әрекетпен өз бетінше билік етудің бірнеше оқиғасы анықталды. Полицияға 10 күдікті жеткізіліп, олардың алтауы қамауға алынды. Олардан атыс және суық қару тәркіленді.
Қуандық Алпыс, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
— Полицияға 10 күдікті жеткізіліп, олардың алтауы қамауға алынды. 20-дан астам іздеу іс-шаралары жүргізіліп, атыс және суық қару тәркіленді. Бұзақылық пен өз бетінше билік етудің бірнеше фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.