Тұрғын үй нарығында тағы да дау. Бұл жолы алматылық құрылыс компаниясы 2,5 млрд теңгеге жоқ пәтерлерді үлескерлерге сатқан. 300-ден астам азаматты алдап соққандарың қолында құрылыс жүргізуге рұқсаттары да болмаған. Олар 2022-2023 жылдары үш тұрғын үй кешенінен үлескерлікпен пәтер аласыздар деп тұрғындарды алдаған. Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарға құрылыс компанияларымен келісімшартқа түсудің алдында мұқият тексеріп, тек ресми құжаттар негізінде ғана қаражат салу қажет екенін ескертеді.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.