Ұлттық банк теңгені нығайтудың жаңа механизмін ұсынды

2025 жылы Ұлттық банктің Қазақстан қор биржасында сататын валюта көлемі 7,4 млрд долларға артуы мүмкін. Бұл – теңгені тұрақтандыру үшін жасалатын шара. Ұлттық банк биыл теңгеге қысымды азайту үшін алтын-валюта резервін пайдаланады. Ішкі нарықтан алтынды теңгеге сатып алып, оны сыртқы нарыққа сатып, түскен долларды қор биржасына шығарады. Осылайша, Қазақстанның валюта нарығына қосымша 6 млрд доллар түседі. Осының нәтижесінде Ұлттық банктің KASE биржасына шығаратын валюта көлемі 15-16 млрд долларға дейін жетуі мүмкін.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk