Алдағы екі-үш күнде картоп бағасы тұрақталады

Астанада кеше бағасы 433 теңгеге шарықтаған картоп бүгін 280 теңгеге сатылып жатыр. Айта кетейік, кеше картоп бағасы қымбаттағанын айтқан болатынбыз. Картоп бағасы алдағы 3 күнде тұрақталады.

Бағаның көтерілу немесе түсу тенденциясы тұрақты бақылауда. Соңғы үш күннің өзінде бағаның төмендеу фактілерін көріп отырмыз. «Magnum» мен көтерме сауда орталықтарындағы жедел ақпарат та бізде бар. Алдағы 2-3 күнде бұл Қазақстан бойынша бағаға әсер етіп, келесі аптада тұрақты баға орнайды деп сенеміз.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk