Арқалықта жаңа әуежай салынады

Арқалық тұрғындарының қайта ұшақпен қатынайтын күн жақын. Қостанай билігі 20 жылдан бері қараусыз қалған Арқалықтың әуе қақпасын іске қосуды жоспарлап отыр. Қазір жоба-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Жыл соңында құрылыс басталады. Әуежай іске қосылған кезде Арқалық жұрты облыс орталығы мен ел астанасына жету үшін 500 шақырымдық жол азабынан құтылады. Оның сыртында, үш рет сатылымға шығарылған Қостанай халықаралық әуежайы да күрделі жөндеуден өткізіледі. Инвестор табылмаған соң, коммуналдық меншікте қалған авианысанды жаңғыртуға мемлекет қаржы бөледі.
Жасұлан Ысқақов, әуежай төрағасының міндетін атқарушы:
— Сараптама жұмыстары аяқталған соң шамамен алдағы ақпан, наурыз айында облыс әкімдігіне қаржыландыру жөнінде ұсыным беріледі. Жаңадан халықаралық терминал салынады. Қазіргі ғимараттың күту залы тар болғандықтан, ол кеңейтіледі.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk