Қазақстан әуе саласын дамытуды жалғастырады

Еліміздің авиация саласын дамыту Мемлекет басшысының жіті назарында. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге сапары аясында халықаралық азаматтық авиация басшысы Сальватор Шаккитаномен кездескен болатын. Әңгіме барысында әуе саласын дамыту мәселесі талқыланды. Мемлекет басшысының айтуынша, әуежайларды біртіндеп жаңғырту, әуе кемелерінің паркін ұлғайту және «ашық аспан» режимін енгізу нәтижелі болды. Бұл ұшу ауқымын кеңейтіп, халықаралық рейстерді ұлғайтуға мүмкіндік берді. Қазақстан осы бағыттағы жұмысты жалғастыра береді.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk