26 қаңтардан бастап Қызылорда – Арал автожолы ақылы болады

Елімізде тағы бір ақылы жол. 26 қаңтардан бастап Қызылорда мен Арал қаласын байланыстыратын автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады. Дәлірек айтқанда, екінші техникалық санаттағы ұзындығы 454 шақырым жол учаскесі ақы алу жүйесіне қосылады. Айта кету керек, жеңіл көлік иелері бұл жолды тегін пайдаланады. Жергілікті тұрғындар үшін бірайлық және біржылдық абонементтер қарастырылған.
Қазіргі уақытта елімізде жалпы ұзындығы 3 221 км 17 ақылы учаске жұмыс істейді. Есте болса бірінші ақылы учаске – «Астана – Щучинск». Бұл автожол 2013 жылдан бастап ақылы болды. Ал 2019 жылдан бастап «Алматы – Қорғас» және «Алматы – Қонаев» жолдары іске қосылды. Артынша «Бейнеу – Ақжігіт», «Орал – Самара», «Павлодар – Омск» автожолдары да ақылы болды.
———————————————

Telegram: https://t.me/tv7kz_news