Жамбыл облысында той соңы атыспен аяқталды

Той төбелеске ұласты. Жамбыл облысында тойдың соңы төбелес, атыспен аяқталды. Оқиға Мойынқұм ауылындағы сауда орындарының бірінде болған. Үйлену тойының қонақтары сөзге келіп, артынша жаға жыртысқан. Жанжал кезінде жастар қару қолданған. Қақтығыстың кесірінен 28, 26, 22 және 19 жастағы жігітке оқ тиіп, Мойынқұм ауданық ауруханасына түскен. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олардың ішінде ауыр жараланғандар бар. Оқиға орнына Шу және Меркі аудандарының полицейлері мен облыс прокурорлары барды. Қазір Land Cruiser маркілі екі көлік іздеуге жарияланды.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды».
———————————————