Ресей, АҚШ, Жапонияда цунами қаупі жарияланды

Ресейдің Камчатка түбегінде жойқын жер сілкінісі мен цунамиден кейін төтенше жағдай режимі жарияланды. Аймақта 8,7 магнитудалы мұхитасты жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Петропавловск Камчатскийден шамамен 125 км жерде, 18-19 км тереңдікте болған. Осыдан кейін Севeро-Курильск қаласында 3-4 метр биіктіктегі цунами толқындары байқалып, тұрғындар жоғары аудандарға эвакуацияланды. Ресей төтенше жағдайлар министрлігі эпицентр маңындағы аудандарда инфрақұрылымға зардап келгенін хабарлады. Мектептер мен балабақшалардағы жарық өшіп, байланысқа әсер еткен. Адам шығыны жоқ.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі Жапон мұхиты бойындағы Хоккайдо, Мияги және Аомори сияқты префектураларға цунами келуі мүмкін деп ескертіп, жаппай эвакуация жариялады.
АҚШ Ұлттық дауыл агенттігі Гавай аралдары, Аляска және Солтүстік Американың батыс жағалауларына, соның ішінде Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарына цунами туралы ескертіп жатыр. Гавайиде төтенше эвакуация режимі енгізілген, жағалаулардан халықты тасымалдау әрекеттері басталды. Аляска мен Калифорнияның кей жерлерінде алғашқы толқындар байқалғанымен, әлі ауыр зардаптар тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта барлық мемлекет тұрғындарға жағалаулардан алыс болуды, эвакуация талаптарын мұқият орындауды және кейінгі күшті толқындардың болуы мүмкін екенін ескеруді сұрайды.
———————————————