Павлодарда тілі шықпаған 2 жасар сәбидің жағын сындырып, маңдайын көгерткен өгей әке қамауға алынды. Бұл аздай, ауруханаға жеткізген анасы «кереуеттен құлады, балалармен ойнап жарақаттанды» деп істі жасырғысы келген. Алайда дәрігерлер баланы лақтырып, құлатқаннан не жақтан ұрғаннан осындай соққы болатынын айтқаннан кейін әйел мойындаған. Енді күдікке ілінген ер адам «Адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін» қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
———————————————
Telegram: https://t.me/tv7kz_news
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.