Картоптың бағасын алыпсатарлар қолдан әдейі өсірген. Соңғы күндері шарықтап кеткен көкөніске қатысты Сауда министрлігі осындай мәлімдеме жасап, 50-ге жуық заңбұзушылық тіркелгенін айтты. Әлеуметтік маңызы бар картопқа делдалдар себепсіз 15% үстеме қосқан. Енді пайдакүнем кәсіпкерлер жауапқа тартылады. Сауда комитетінің мамандары мониторинг жасап, елде картоптың орташа бағасы 322 теңге деп белгіледі.
Ернұр Жәутікбаев, СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары:
-Бізбен бірге Қазақстан сауда желілерімен келіссөздер жүргізілді. Ел бойынша картоптың бағасы 322 теңгені құрайды. Ал әлеуметтік корпорацияның тұрақтандыру қорынан сатылатын картоптың бағасы –130 теңге.
———————————————
Telegram: https://t.me/tv7kz_news
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.