Павлодарда өгей әкесі 2 жасар қызды аяусыз ұрып тастаған | 22.01.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

ҚАРАЛЫ КҮН
Түркияда Ұлттық аза тұту күні. Жергілікті жұрт өрттен қаза тапқан 76 адамды аза тұтып жатыр. Қазақстан Президенті де көңіл айту жеделхатын жолдады.

«КӘРІ ҚҰДАНЫҢ» ӘЛЕГІ
Шырайлы Шымкент алай-дүлей болып жатыр. Қар аралас жаңбыр жауып, боран соқты. Ақтөбе жұрты қар құрсауында қалды. Ал Алматы омбы қардың ортасында отыр. Осылайша «кәрі құдаң» күллі қазақ елін әлекке салды.

ДӘРІ-ДӘРМЕК АРЗАНДАЙДЫ
Бұдан былай сырқат діңкелетпейді. Елде дәрі-дәрмек 30% арзандағалы жатыр. Нақты қашан және қай дәрінің бағасы түседі?

ЕҢ ЕГДЕ ТИКТОКЕР
Әр батасы бес-алты миллион қаралым жинайды. ТикТок-та тақылдап отырған бұл әжейдің жасы нешеде екенін білесіз бе?
———————————————

Telegram https://t.me/tv7kz_news