Астанада «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында тағы 2 білім ошағы биыл қолданысқа беріледі. Қазір аталған мектептерге оқушыларды қабылдау шаралары өтіп жатыр. Бүгін ата-аналар балалар білім алатын мектептің жағдайымен жеке танысты. Нысан 2000 оқушыға арналған және сегіз оқу блогынан тұрады. Мектептерде лингафон кабинеттері, жаратылыстану пәндері мен робототехникаға арналған зертханалар бар. Ғимараттар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толық бейімделген, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерімен және дабыл батырмаларымен жабдықталған.
ГҮЛЖАН АЛДАЖАР, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
— Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасауымыз қажет деп Президентіміз айтқандай, қазіргі таңда елімізде осындай қолайлы жағдай жасалған. Жайлы мектептер ашылуда. Соның бірі – біздің №119 орта мектеп. Мектеп екі мың балаға арналған. Қазіргі таңда 1500 баланы қабылдадық. Тамыз айында қабылдау жұмыстарын әрі қарай жүргіземіз. Екі мың баладан асады деген жоспар бар.
ӘЙГЕРІМ СЛАМБЕКҚЫЗЫ, АТА-АНА:
— Бүгін №119 келешек мектебіне келіп қалдық. Бізге өте қатты ұнады. Балаларымыз үшін өте қатты қуанып тұрмыз. Президентімізге осы жерде алғыс айтқым келеді. Осындай жайлы, балаларға оқуына қолайлы орта жасап бергеніне көп рақмет. Дәл осындай мектептен білім алған балалар еліміздің мықты іргетасын қалайтынын толық сеніммен айта аламын. Бұл жерде менің екі қызым оқиды. Үлкен қызым 4-сыныпқа барады. Екінші қызым 1-сыныпқа келеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.