Ақтауда көшеде көлденең жүріп, аялдамада тұрған жүргіншілерге су шашқан жүргізуші қамалды. 48 жастағы көлік иесіне 4 бірдей баппен айып тағылды. Ұсақ бұзақылық, маневр ережесін сақтамау, елдімекенді абаттандыру қағидаларын бұзу және қиылыстан өту ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жаза кесілді. Мамандар енді оған қоғамдық тәртіпті сақтаудың қарапайым қағидаларын түсіндіріп жатыр.
———————————————
Telegram: https://t.me/tv7kz_news
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.