Timestamp Camera қосымшасы арқылы заңбұзушылықты әшкерелей аласыз

Ұсақ-түйек бұзақылықты әр тұрғын әшкерелей алады. Timestamp Camera қосымшасы арқылы кез келген адам оп-оңай шағым түсіруге болады. Бұл – Президент тапсырмасымен іске қосылған жоба.
Мағжан Үйсінбай, тілші:
— Заңбұзушылықты дәлелдеуге көмектесетін қосымшаның бар екенін білесіз бе? Бұл – Timestamp Camera бағдарламасы. Ол сіз түсірген фото, видеоның нақты тұрған жерін, күнін, уақытын белгілейді. Осы бейнематериалды сіз полицияға жолдап, заңның бұзылғанын растай аласыз.
Қосымшаның басты ерекшелігі мен артықшылығы осы. Коғамдағы тәртіпті сақтау – баршаға міндет. Сондықтан кез келген бұзақылыққа көз жұма қарамаған абзал. «Бұл қауіпсіз мемлекет құруға көмектеседі. Алайда бір-бірінің үстіне шағымданудың кері тұстары да бар», — дейді заңгерлер.
Кәмшат Шинтекова, заңгер:
— Қандай да бір құқық органдарына құқықбұзушылық туралы хабарлау азаматтың борышы деп есептеймін. Құқықбұзушылықты хабарлағаны үшін сыйақы беру дұрыс емес деп ойлаймын. Шын мәнінде, құқықбұзушылықтың алдын алу үшін баяғы кездегідей полицияның көмекшісі ретінде құрамында болу керек. Сондай бөлімшелер құрылуы керек. Әйтпесе кейде жала жауып та, айыптауы мүмкін.
Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Сол себепті кез келген заң бұзушылықты бей-жай қалдыруға болмайды. Заң үстемдігі орнауы үшін әр азамат тәртіпті өзінен бастауға тиіс. Ең бастысы, жала жабудан аулақ болыңыз!
———————————————

Telegram: https://t.me/tv7kz_news