Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: қара жәшіктегі жазба толық емес

Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшігіндегі» жазу толық болмай шықты. Боингтің құлауына 4 минут қалғанда жазба тоқтаған. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Көлік министрлігі мәлімдеді. Бұл жайт құзырлы органдардың жұмысын қиындатып отыр. Еске салайық, қайғылы оқиға желтоқсанның 29 күні болған. Апаттан 179 адам қаза тапты.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk