АҚШ тарихындағы ең ірі апат. ВВС-дің хабарлауынша, 180 мың адам көшірілді, 10 мыңнан астам нысанның күлі көкке ұшты. Өртенген қымбат вилла иелерінің қатарында түрік жұлдыздары да бар. Кенан Имирзалыоглу, Берен Саат, Серенай Сарыкая, Чағатай Ұлысойдың қымбат үйлері өртеніп кетті. Баспаналардың ең арзаны – 430 мың доллар, ең қымбаты 500 мың доллардан асады. Шығын көлемі 150 млрд доллар шамасында деген болжам бар. Орман өрті салдарынан қаза тапқандар 24-ке жетті,ал бүгін өрт аймағында екпінді жел соғады. Лос-Анджелесте тұратын қазақстандықтар мұндағы кей аудандарда қалың түтін, медициналық маскасыз жүру мүмкін емесін айтады. Қазір мұнда 73 қазақстандық студент білім алып жатыр.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.