Қазақстан паспорты күшейіп келеді. 2025 жылғы Global Passport Power Rank-тың жаңартылған нәтижелері жарияланды. Рейтингте Қазақстан паспорты тағы бір сатыға жоғарылаған. Осылайша, әлем поспорттары арасында 51-орынға тұрақтады. Айта кетейік, Қазақстан азаматтары қырыққа жуық елге визасыз бара алады. 50-ден астам елде визаны барғаннан кейін рәсімдеуге болады. 107 мемлекетке бару үшін виза қажет. Көрші мемлекеттер бойынша Қазақстаннан кейін Әзербайжан – 57, Өзбекстан мен Қырғызстан 67-орында тұр.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.