Мағауиннің соңғы аманаты: АҚШ-тан эксклюзив сұхбат

Қиянда жүріп, қапыда кеткен жазушының арманы қандай еді? Өсиетін кімге қалдырды? Әңгіме қабырғалы қаламгер Мұхтар Мағауин туралы өрбімек. Күні кеше АҚШ-та жерленген жазушы өлерінің алдында 5 жылға жоспар жасап, оны орындаушыға аманаттап кетіпті. Яғни, көзі тірісінде қазақ халқына айтар ойын қағазға түртіп, қолжазба ретінде қалдырған. Енді жазушының соңғы арман-тілегі том-том кітап болып жарық көруі тиіс. Бұл туралы жазушының ақтық демі шығарда жанында болған баспагер Ерлан Әшім мәлімдеді. Оның айтуынша, алғашқы болып Еуразия тарихының алты томдығы жарық көреді.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk