Пеш жарылып, бір үйдің үш адамы қайтыс болды

Түркістан облысындағы жеке үйлердің бірінде пеш жарылып, бір отбасы қара жамылды. Үш адам қайтыс болды. Оның біреуі – үйдің отағасы, екеуі – бала. Оқиға Қазығұрт ауданында болған. Денесін күйік шалған тағы бір бала ауруханада жатыр.
Жасұлан Айнабек, ТЖД басқарма бастығының орынбасары:
— Иран пешін қолдану салдарынан газ ауа қоспасы пайда болып, жарылыс орын алған. Азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және газ жабдықтарын пайдалануда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk