Кепілден босатылған ақтөбелік әйел ата-анасының қайтыс болғанын білмейтін болуы мүмкін. Себебі оның қолында ұялы телефоны жоқ. Дәрігерлер жағдайы нашарламасын деп оған қаралы хабарды айтпаған. Марқұмдар ертең жерленеді.
Күдікті 40 жастағы жігіт бұрын істі болмаған, нашақор ретінде есепте жоқ. Кепілге алған әйелді бұрыннан таниды, тіпті екеуі бір уақыт кездесіп жүрген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Оған қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Дәрігерлер: «Зардап шеккен әйел есін жия сала болған оқиғаны және әке-шешесінің жағдайын сұрады», — дейді. Жәбірленуші нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оған төсектен тұруға, жүруге рұқсат етілмейді. Келіншекті полиция күзетке алған.
Мақсұт Оразжанов, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:
— 40 жастағы науқастың біздің бөлімде жатқанына бір тәулік болды. Жалпы диагнозы – мидың шайқалуы, бас-ми жарақаты. Бүгінгі таңда жағдайы – орташа, сана-сезімі ашық. Сұрақтарға нақты жауап береді.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.