Енді жемқорлардың аты-жөні елге жария етіледі

Елімізде «Жемқорлар реестрі» жасалады. Тізім Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің сайтында жарияланбақ. Онда сол адам туралы мәлімет, соңғы жұмыс орны, қылмысы, күшіне енген үкімі жарияланады. Мәжіліс «Жемқорлардың реестрін» жариялауға мүмкіндік беретін түзетуді бірінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ жаңа норма бойынша «Жемқорлыққа жағдай жасағандар мен оның себебін жоймаған» басшылар да жауапкершілікке тартылады. Бұл «қара тізімнен» шығу үшін соттың ақтау туралы үкімі қажет. Ал депутат Еділ Жаңбыршин бұл бастаманы қолдайтынын, дегенмен құзырлы органдар бәрін өзінен бастау керек екенін айтты.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
-Иә, дұрыс заң. Айтылып жатқан әңгіменің бағыты – сол жемқорлықты азайту. Ең бірінші, жемқорлықты сол құқық қорғау органдары өздерінен бастауы керек деп есептеймін. Алдымен өздеріңді тазалап алындар, өздерің дұрыс жұмыс істеңдер. Өздерің пара алуға итермелемеңдер, сол кезде бәрі дұрыс болады.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk