Испаниядан бет алған Ryanair ұшағы уақытынан кешіккені үшін Берлин әуежайына қона алмай, басқа қалаға кеткен. Небәрі 90 секундқа кідірген борт 250 шақырым қашықтағы Ганноверге қонған. Бұған Берлин әуежайында қатаң сақталатын түнгі тыныштық талабы себеп. Немістің астанасында түнгі 12-ден таңғы 5-ке дейін тұрақты рейстерге тыйым салынған. Ryanair ұшағы қону алаңына жақындағанына қарамастан, санаулы секундқа кешіккені үшін, оған қонуға рұқсат берілген жоқ. Күтпеген жерден Ганноверден түскен жолаушылар Берлинге автобуспен жетуге мәжбүр болды.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.