Қостанай әуежайында рейстен қалып қойған екі жолаушының оқиғасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Алматыға сапарламақшы болған әйелдер күту залында отырып, ұшақтың кетіп қалғанын білмей қалған. Желіде таралып кеткен видео авторының айтуынша, жолаушылар тіркеуден өтіп, багажын тапсырып, күту залына жайғасқан. Кейін белгілі болғандай, олар күту залын шатастырып алған.
Жолаушы:
Ұшуға шамамен 10 минут қалғанда қарындасым әуежай қызметкерлерінен «отырғызу қашан басталады» деп сұраған, олар Алматы ұшағы ұшып кеткенін айтқан. Сөйтсе, әуежайдың екінші күту залы бар екен. Ол жаққа бару керек екенін ешкім айтқан жоқ. Ешқандай табло да жоқ. Ешкім жауап бермейді. «70 мың теңгеге жаңа билет алыңдар» дейді, қарындасым оны үш ай бұрын 15 мың теңгеге алған еді.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.