Биыл 175 мың тұрғын үй беріледі

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш 2024 жылы тіркелген. Президенттің тапсырмасына сәйкес, өткен жылы елімізде 19 млн жуық шаршы метр тұрғын үй салынып, 172 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Оның 39 мыңнан астамы – жеке үй. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, елімізде биыл 19 млн шаршы метр немесе 175 мың тұрғын үй, 2029 жылға қарай 111 млн шаршы метр салу жоспарлануда. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облысы құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk