Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясы салынады. Жобаға 1,4 миллиард доллар инвестиция бағытталады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабиге жұмыс сапары аясында Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесу барысында белгілі болды. Жел турбиналарының өндірісіне жергілікті өнімдер қолданылады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, электр өнімділігі артады. Президент еліміздің араб компанияларымен серіктестікті одан әрі дамытуға баса мән беретінін атап өтті. Кездесуде мұнай-газбен қатар геологиялық барлау ісіндегі бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.