Көпбалалы ана курьер болып нәпақасын тауып жүр

Төрт баланың анасы Перизаттың екі жоғары білімі болса да, бүгінде курьер болып нәпақасын тауып жүр. Себебі мұғалімдік жалқысы аз. Ал жеткізуші қызметімен тәулігіне 30-40 мың теңгеге дейін табыс табады. «Курьер болу біріншіден төзімділікті қажет етенін айтады», — көпбалалы ана.
Перизат Абдуллаева, курьер:
— Жеткізуші қызметінде жүргесін «маған қызмет көрсетуің керек» құрметсіздік көрсететін адамдар да бар. Кейбір клиенттер ақшасын төлегісі келмейді.
Тапсырыс жеткізу барысында курьерлер түрлі оқыс оқиғаларға да тап болады. Нәзік жанды қыз келіншектер жеке басының қауіпсіздігі үшін де қатты алаңдайды.
Перизат Абдуллаева, курьер:
— Бірде менің таныстарыма пышақпен де атылған… жанында жолдасы болды.
Бірақ қауіпсіздіктен бөлек, курьерлерге қойылған талап керісінше күшейген. Жаңа ережеге сәйкес, енді термосөмке арқалаушылардың жеке медициналық кітапшасы болу керек. Бұл стандартты енгізу – әр жеке компанияның өз еркі.
Нұрбек Қазбек, басқарма басшысы:
— Стандарт талаптарын сақтамағаны үшін курьерлер немесе жеткізу қызметі операторлары үшін әкімшілік айыппұлдар қарастырылмаған. Стандарт келесі санаттағы субьектілерге қолданылады. Жеткізу қызметі, логистикалық қызметтерді ұсынатын интернет ресурстар, курьерлер.
Курьерлер бүгінде біздің күнделікті өміріміздегі тірліктердің едәуір тұсын жеңілдетіп жүргені рас. Сондықтан олардың қызметіне сұраныс артпаса, азамайтыны хақ. Бүгінде елімізде жоғары білімі бар жастардың көбі, тіпті егде жастағы азаматтар да курьерлық қызметті тұрақты табыс көзіне айналдырған. Еңбек Министрілгінің статистикасына сенсек, елімізде 500 мың курьер тіркелген.
Инара Барсақбаева, тілші:
— Тамақ жеткізу қызметіне қатысты жаңа стандарт жаңа жылда күшіне енді. Маңызды құжатта курьерлердің медициналық кітапшасы ғана назарға алынбаған. Жаңа нормаға сәйкес, енді олардың мінез-құлқы, көпшілікпен қарым-қатынасы да ескерілмек.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk