ЖАҢАЛЫҚТАР | 15.01.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

18 КӨЛІК АПАТҚА ҰШЫРАДЫ
18 көлік түйісіп қалды. Алматы мен Өскемен арасында ірі жол апаты болды.
Апат салдарынан бір жолаушы жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаға ескертуді елемей, есіріп жүрген жүргізуші кінәлі ме, әлде қалың тұман болатынын алдын ала ескертпеген маман жауапты ма?

ПЕШТЕН ТӨНГЕН ҚАУІП
Түркістанда бір отбасы қара жамылды. Жер үйдегі газбен жанатын пеш жарылып, үш адам қайтыс болды. Олардың екеуі – бала. Тағы бір бүлдіршін ауруханада жатыр.

ПОЛИЦИЯ НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
Ақтөбеде кепілде болған келіншекті полиция күзетке алды. Сақшылар неден күдіктенеді? Қамауға алынған қаскөйдің сыртта сыбайластары бар ма?

ДОЛЛАР ТАҒЫ ҚҰБЫЛДЫ
Доллар дес бермей барады. Айырбастау пунктерінде АҚШ ақшасы 530 теңгеден асып кетті. Нарықты ырыққа көндірудің амалы қандай? Сарапшы пікірін бөліседі.

ЖЕМҚОРЛАР ТІЗІМІ ШЫҒАДЫ
Көп ұзамай жемқорларды жүзінен танитын боламыз. Елімізде парақорлыққа қатысы барлардың реестрі жасақталады. Оны Антикордың сайтынан қарай аласыз.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk