Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АҚТЫҚ САПАР — ШҰҒЫЛ
Ақтөбе жұрты ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салды. Екі күн бұрын кепілде болған келіншектің әке-шешесі қаскөйдің қолынан қаза тапқан еді. Қайғылы оқиғаны тергеу барысы қалай өрбіп жатыр?
АЯЗ КЕЛЕ ЖАТЫР — ШҰҒЫЛ
Жалпақ жұртқа ескерту! Алдағы күндері 33 градус аяз болады. Оның арты ақ боранға ұласады. Қай өңірде күн суытып, қар жауады? Мамандар болжамын ұсынамыз.
ТІЗІМДЕ ЖОҚ
АвтоЦОН-дағы дау. Автомектепте оқыған мыңдаған адам тізімде болмай шықты. Енді олар жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыра алмайды.
ТАПСЫРЫС ҰРЛАНДЫ
200 миллион теңгенің тауары жоқ. Қытайдан арнайы алдырылған жүк қоймадан жоғалған. Ұры ұсталды. Тапсырысынан қағылған жұрттың шығыны қашан өтеледі?
ТАРИФ ДАУЫ
Тариф неге қымбат? Қызылордалық тұтынушылар түбіртектегі ақшаның үш есе көбейгеніне наразы.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.