Кепілде болған әйелдің ата-анасы жер қойнына тапсырылды

Ақтөбеде кепілде болып, қаза тапқан ерлі-зайыпты бүгін жерленді. Еске салайық, өңірде жергілікті тұрғын 40 жастағы әйел мен оның ата-анасын кепілге алып, елді дүрліктірген. Кепілден босатылған соң 74 және 66 жастағы отағасы мен оның зайыбы қаза тапты. Олар сол үйдің жертөлесінен түрлі дене жарақатымен табылған. Кепілде болған келіншектің анасы жедел жәрдем көлігінде, ал өгей әкесі ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиғаны қазір полиция тергеп жатыр. Күдікті изоляторда. Зардап шеккен келіншек ата-анасының қайтыс болғанынан бейхабар. «Науқастың денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін» деп алаңдаған дәрігерлер оған мән-жайды айтпаған. Ол етжақындарының жерлеу рәсіміне де қатысқан жоқ. Палатасын полиция күзетіп тұр, дәрігерлерден басқа адамның кіруіне рұқсат жоқ.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk