Синоптиктер шұғыл ақпарат таратты. Алдағы күндері 33 градус аяз болады. Оның арты ақ боранға ұласады. Нақтырақ айтсақ, еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде аяз күшейеді. Орталық пен батыста да күн суытады. Оңтүстікте жел соғып, бұрқасын болады. Сондықтан мамандар алыс жолға шықпай, тиісті мекемелердің ескертуіне құлақ асуды сұрайды.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.