Қазақстанның бес өңірінде жалған құжат жасап, елге шетел азаматтарын көшіріп келген қылмыстық топтар әшкереленді. Арнайы операция барысында олар түгел тұтқындалды. Шетелдік мигранттарды ел аумағына заңсыз жолмен кіргізгендер Түркістан, Жамбыл, Солтүстік және Батыс Қазақстан мен Қызылордада ұсталған.
Қуандық Алпыс, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
– Барлық көрсетілген факті бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.