200 миллион теңгенің тауары жоқ. Қытайдан арнайы алдырылған жүк Алматыдағы вокзалдың уақытша сақтау қоймасында жоғалған. Ұры алыста емес екен. Сол қоймада жұмыс істейтіндер болып шықты. Олар тауарларды екі жыл бойы ұдайы ұрлап отырған. Енді тапсырыстарынан қағылған жұрттың шығынын ұрылар өтеуі керек. Бұл істі Бас көлік прокуратурасы әшкереледі.
Альмира Бекжанқызы, Бас көлік прокуратураның ресми өкілі:
— Қойма қызметкерлері ұрланған заттарды базарға сатуға шығарған. Отандық және шетелдік компанияларға 200 миллион теңге залал келтірген.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.