Қажылыққа кеткен 38 адам Меккеде қаңғып қалды

Еліміздегі турагенттіктердің бірінен жолдама алып, Меккеде қаңғып қалған 38 қазақстандықтың шағымымен полиция айналысып жатыр. Бір топ қажы қонақ үй брондалмағанын Мединаға барғанда ғана білген. Қолдарында елге қайтар билеті де жоқ қауым екі күн бойы әр жерде түнеп, өз ақшаларына тамақтанған. Туристік компания оларды тек үшінші күні қонақ үйге орналастырыпты. «Меккеге барамын» деп қиындық көрген қажылар мұны сынаққа балап отыр. Олар ертең елге қайтады.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Qazaq Umma компаниясына қатысты 2025 жылғы 10 қаңтарда ІІМ-ге хат жолдаған. ІІМ өкілі аталған мәселе қазіргі уақытта қарастырылып жатқанын жеткізді.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk