Біреуді мазақ еткен жазбаға «лайк» басу – күнә

Біреуді мазақ еткен жазбаға «лайк» басу күнә. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы осындай пәтуа шығарды. Онда былай делінген: «Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады. Әлеуметтік желі мен ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс».
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk