АҚШ-та TikTok желісіне тыйым салынбақ

АҚШ-та TikTok желісіне тыйым салынбақ. Конгрестің Өкілдер палатасы осындай ұсыныс тастаған. Елдің Жоғарғы соты оны құптаса, 19 қаңтардан бастап, TikTok америкалық нарықтан кетеді.
Жалпы АҚШ-та әлеуметтік желіге тыйым салу мәселесі 2020 жылдан бері көтеріліп келеді. Оған әуелі Америка мен Қытайдың қарым-қатынасының нашарлауы түрткі болды. Өткен жылы АҚШ Президенті қабылдаған заңда: «TikTok желісіне иелік ететін қытайлық Байт Дэнс компаниясы өз акциясын сатуға тиіс», — деп айтылған.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk