Израиль мен Хамас өзара бітімге келді

Израиль мен Хамас өзара бітімге келіп, 15 айға созылған қақтығысты тоқтатты. Катар жерінде өткен келіссөз бейбіт өмірдің бастамасы болады. Енді Газа секторындағы атыс 19 қаңтарда тоқтатылады. Израиль билігі бұл келісімді дауысқа салып, оның талаптарын бекітуге тиіс.
Келісім үш кезеңмен жүзеге асады. Бірінші кезең 42 күнге созылады. Хамас кепілге алған 33 израильдікті босатуға тиіс. Бұл – балалар, әйелдер және қариялар. Израиль де тұтқындағы барлық палестиналық әйел мен баланы жібереді. Әрі әскері Газа секторының халық тығыз орналасқан аймақтарынан шығарылады. Одан кейін гуманитарлық көмек көрсететін жүздеген жүк көлігіне аумаққа кіруге рұқсат беріледі. Екінші кезеңде екі жақ қалған тұтқындарымен алмасады. Израиль әскери күштері Газадан түгел кетуі керек. Соңғы кезеңде Газаны қалпына келтіру жұмыстары басталады.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk