Қызылордалықтар коммуналдық төлемнің 3 есе өскеніне наразы

Қызылордада коммуналдық төлемақы құны шарықтап кеткен. Тұрғындар әсіресе электр жарығының бағамы бірнеше есе қымбат есептеліп жатқанын айтады. Ай сайын 7 мыңдай теңге төлеп жүрген тұтынушыларға желтоқсанның ортасынан 25-30 мың теңгенің түбіртегі келе бастаған. Бағаның былайша құбылуынан дүрліккен сырбойылықтар қуат таратушы мекемелерден нақты есеп-қисап талап етіп отыр. Дегенмен энергия жеткізуші ұйымдардан мардымды жауап жоқ.
Көпбалалы ана Айнұр Баймаханова өткен жылдың соңғы айында келген түбіртекті көріп шошығанын айтады. Электр жарығы тарифінің өзгергені туралы ескертілмей, 3 есе қымбаттауы қалтаға ауыр тигенін жеткізді.
Айнұр Баймаханова, қала тұрғыны:
— Былтыр жарыққа 3-4 мың тг төлейтінмін. Биыл 11-12 мың деп тұр. Энергосервиске барып сұрасам, бағаның көтерілгеін айтты.
Мәселенің мән-жайын білу үшін монополияны реттеуші мекемеге бардық. Олардың айтуынша, тариф өзгермеген. Сол былтыр жазда бекітілген квтсағатына 23 теңге шамасында қалған.
Айбек Егембергенов, департамент басшысы:
— Есептің көп келуі тарифтың өсуінен емес, тұтынған электр көлемін ұлғайту кезінде орын алады. Сондықтан электр есептегіш құралының көрсеткішін қарап, салыстырып, егер ол жердегі көрсеткіш ақы талап етілген квитанциядағы көрсеткіштен төмен болса, тиісті мекемеге барып, қайта есептетуге құқылы.
Биылдан бастап аймақта электрмен жабдықтаушы үш мекеме жұмысын тоқтатты. Ал осы қызметті жалғыз атқұаратын Қызылорда электр тарату торабы тарифті көктемде өзгертуі мүмкін.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk