1 қаңтардан бастап су мен жылу қымбаттады

1 қаңтардан бастап су мен жылу тарифі де өзгерді. Сумен жабдықтау қызметі жеке тұлға үшін қымбаттағанымен, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдар үшін арзан болды. Бірақ жылу тарифі тұтынушының барлық санаты үшін қымбаттады. Монополияға қарсы комитеттің мәліметінше, тұрғындар үшін су тарифі текше метрі үшін 129 теңге 89 тиыннан 154 теңге 57 тиынға дейін өсті, өсім қосымша құн салығы есебімен 24 теңге 7 тиынды құрады. Жылумен қамту тарифі бірден 18% көтерілді. Енді жеке тұлғалар үшін орталықтандырылған жылу құны шаршы метрі үшін 198 теңге 48 тиыннан 235 теңгеге дейін өсті. Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі тарифтердің көтерілуі қазақстандықтарды тұрақты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту қажеттілігінен туындағанын мәлімдеген.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk