Атырауда сексеннен асқан кейуана таеквандомен айналысады. Олар аптасына 2 мәрте спорт залға барып, кәсіби жаттықтырушыдан жекпе-жек өнерінің қыр-сырын меңгеріп жүр. Қариялар енді аэробикамен айналысқысы келеді.
Светлана Хан 80 жаста. Алайда таңның атысымен денесін шынықтырып, таза ауада серуендегенді ұнатады. Сексеннің сеңгіріне келсе де, қария әлі тың, қозғалысы ширақ. Өте белсенді. Қазір спорттық клубтың 20 аса тұрақты мүшесі бар. Клуб мүшелерінің ең жасы 60-тан асса, үлкені сексенді алқымдаған қариялар
Светлана Хан, зейнеткер:
— Қозғалыс адамның денсаулығын жақсартады. Жасын ұзартады, сергек жүруге көмектеседі. Сол себепті таеквандомен айналысамын. Аптасына 2 мәрте осы жерде кездесеміз. Жасымыз 80-нен асса да, біз үйде бос отырғымыз келмейді. Бір жағынан спортты насихаттаймыз. Әр сәттен ләззат алуға тырысамыз. Алда жоспар көп. Болашақта аэробикамен айналысқымыз келеді. Оның іс-қимылдары таеквандоға қарағанда жеңіл. Бізге ыңғайлы болады.
Клуб мүшелері спорттан бөлек, өнерден де құр алақан емес. Бос уақыт та бас қосып, ән айтуды әдетке айналдырған. Тіпті түрлі республикалық, облыстық ән байқауларының жүлдегерлері де атанып үлгерген. Осылайша, кәріс этно мәдени бірлестік қазақтың ұлттық өнерін көпшілікке таныстырып келеді.
Индира Пак, корей жастары қозғалысының жетекшісі:
— Мен кәріс жастар қозғалысының жетекшісімін. Біздің буын өкілдері ұлттық аспаптарымыз барабанда ойнайды. Әр түрлі басқосулар ұйымдастырады. Заманауи билерде де белсенді. Біз үлкенге құрмет ұстанымын берік ұстанамыз.
Қариялар мұнымен тоқтамайтынын айтады. Болашақта спорттың бірнеше түрімен айналысуды қолға алмақшы.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.