Жетісуда 18 жастағы жауынгер қаза тапты | 17.01.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЖАУЫНГЕР ҚАЗА ТАПТЫ
Жетісуда қатардағы жауынгер қаза тапты. Оқиға оқу-жаттығу кезінде болған.
Былтыр Түркістаннан әскерге шақырылған солдат өзін автоматпен атқан болуы мүмкін. Қазір Сарыөзек горнизонын арнайы комиссия тексеріп жатыр.

ЖҮКТІ ЖАСӨСПІРІМ
Шымкентте 400-ге жуық жасөспірім жүкті болып қалған. Қыз балалардың тағдырын талқандаған кім? Ата-аналары қайда қараған?

500% ҮСТЕМАҚЫ
Әлеуметтік мекемелер азық-түлікті әдейі қымбатқа сатып алып отырған. Үстінен түскен ақшаны бөліске салған. Ақша жеудің жаңа айласын қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.

АЛАЯҚ ОТБАСЫ
Павлодарда ерлі-зайыпты телефон алаяқтарына көмектесіп келген. Қазір олардың қанша адамды сан соқтырғаны зерттеліп жатыр.

БАСКЕТБОЛ ОЙНАМАЙДЫ
Ақтөбеде тұңғыш кәсіби баскетбол клубы жабылатын болды. Жергілікті билік Ұлттық лиганың құрамына кіретін клубты неге керек етпей отыр? Ал спортшылар бұл әдейі жасалып жатыр дейді.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk