Жетісуда қатардағы жауынгер қаза тапты. Қайғылы оқиға Қорғаныс министрлігінің 12/740 әскери бөлімшесінде далалық оқу-жаттығу кезінде болған. Былтыр Түркістаннан әскерге шақырылған 18 жастағы солдат өзін автоматпен атқан болуы мүмкін. Қазір Сарыөзек горнизонын арнайы комиссия тексеріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның туыстары мәселенің мән-жайын ашық зерттеуді сұрайды. Оқиға бойынша Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
Ержан Ибраев, ҚР Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы:
-Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Сарыөзек гарнизонында жауынгерлік дайындық бойынша далалық оқу-жаттығу кезінде қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Қ. оқ жарақатынан қаза тапты. Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы бастаған арнайы комиссия жұмыс істеуде. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.