500% ҮСТЕМАҚЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ҚЫМБАТҚА АЛЫП, АРТЫҚ АҚШАНЫ БӨЛІСКЕН
Әлеуметтік мекемелер азық-түлікті әдейі қымбатқа сатып алып отырған. Сөйтіп, үстінен түскен ақшаны бөліске салған. Ақша жеудің жаңа айласын қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.
Заңбұзушылықтың дені балабақшаларда болған. Мысалы, Ақтөбе облысының өзінде 80 балабақшадан осындай қитұрқылық анықталды. Жалпы былтыр ел бойынша 1100 балабақша, балалар үйі, аурухана және басқа да мемлекеттік мекеме әуелгі қажет азық-түлікті артық бағамен сатып алған. Заңсыздық әшкере болған соң, 685 ұйымның сатып алу келісімі қайта қаралды. Бұл 370 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік берген. Қитұрқылық арқылы ақша тауып келген 69 делдалдың жұмысы тоқтатылды. 600 әкімшілік ұсыным беріліп, 11 млн теңге айыппұл өндірілді.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.