Түркістан облысында 400-ге жуық жасөспірімнен ерте жүктілік анықталған. Жүкті болған қыздар арасында тіпті 14 жасқа толмағандар да бар. Мамандар олардың басым бөлігі зорлық-зомбылық құрбаны екенін айтты.
Гүлдана Сейдрасул, тілші:
-Түркістан облысында 370-тен астам жасөспірім жүкті жүкті болып қалған. Бұл – былтыр 10 айда болған оқиға. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің дерегінше, 13 қыз бала түсік тастаған.
Олардың дені – 16-17 жастағы қыз бала. Бейімдеу орталығының мамандары жыл сайын көмекке жүгінетіндер азаймай тұрғанын айтады. Әдетте олар жүктілікке дайын емес. Әрі жағдайды ата-анасынан жасырады. Орталыққа да кеш келеді.
Перизат Қалдарова, «Көмек» бейімдеу орталығының психологы:
-«Инцест» көп болады. Сексуалдық зорлықтың құрбаны болып келеді. Telegram, WhatsApp желілері арқылы ұятсыз видеоларды балаға көрсетіп, қорқыту арқылы зорлық жасаған жағдайлар да бар.
Гүлдана Сейдрасул, тілші:
-Жалпы 2024 жылдың алғашқы жартысында елімізде мыңнан астам ерте жүктілік жағдайы тіркелген. Оның бесеуі 14 жасқа да толмаған. Сонымен қатар 15-17 жас аралығындағы 174 қыз бала жасанды түсік жасатыпты.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.