ЖАҢАЛЫҚТАР | 14.01.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАНДЫ ОҚИҒА
Ақша талап ету ме әлде кек алу ма?
Ақтөбеде үш адамды кепілге алған күдікті тұтқындалды. Әйелдің өгей әкесі мен анасы қайтыс болды. Өзінің де халі мүшкіл. Күдіктінің адамдарды кепілге алудағы мақсаты не?

ҰШАҚТАҒЫ «БОМБА»
FlyArystan рейсіндегі төтенше жағдай. Жолаушы борт серікті ұрып, ұшақта «бомба» бар деп мәлімдеген. Алайда әуе кемесінде жарылғыш зат болмай шықты. Енді көп адамды жолынан қалдырған бұзақыны қандай жаза күтіп тұр?

«АЖАЛ» ТРОЛЛЕЙБУСЫ
Алматыда троллейбус адам қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қоғамдық көлік неге қауіпті болып барады? Жүргізушілерге талап осал ма?

«СЕРГЕЕВ» СІРЕСІП ТҰР
Солтүстікте 116 ауылды су басу қаупі бар. Есіл өзені ернеуіне жетіп, «Сергеев» су қоймасы аузы-мұрнынан шығып тұр. Бөгет шыдас бермесе, былтырғы тасқын тағы қайталана ма?

МАҒАУИННІҢ МАҚСАТЫ. ЭКСКЛЮЗИВ
Қиянда жүріп, қапыда кеткен жазушының арманы қандай еді? Өсиетін кімге қалдырды?
Бес жылға жоспар жасаған данагөй жазушы Мұхтар Мағауиннің аманатын кім арқалайды? АҚШ-тан эксклюзив сұхбат.
———————————————

Telegram https://t.me/ne_zhanalyk